Республикалық академиялық неміс драма театры – 40 жылдық тарихы бар бірегей шығармашылық ұжымы. Театр мәдени мұра мен еуропалық және әлемдік драматургиялық суреттеу құралдарына сүйеніп, өзінің шығармашылығында замануи театралдық дағды мен академизмді үйлестіріп, спектакльдерінің бойына Қазақстанда тұратын халықтардың мәдени және рухани мұрасын қоса өреді.
Бүгінгі театр тәуелсіз Қазақстанда қалыптасып дамып келеді. Құрамында түрлі ұлттар өкілдерінен труппа жиналған.
Бұл – татулық, ынтымақтық пен толеранттылықтың үлгісі; бұл – адамдардың өнер арқылы бірлесуі.
Театрдың жас труппасын әрдайым Т. атындағы Ұлттық өнер академиясының неміс курсы түлектері толтырып тұрады Жүргенов Қазір театрда кәсіпті үйреніп датқан 9-шы актерлік топ қосарлы білім алуда.
Театр қарамағында шығармашылық зертхана бар, онда жас режиссерлер қаланың сан түрлі шығармашылық ұжымдарымен бірігіп, өнерде әлеуеттенеді.
Театр белсенді түрде қайырымдылық қызметпен айналысады:
- Қазақстандағы Федеративті Германия Республикасының Бас консулдығы мен Елшігілімен, Қазақстандағы Гёте Институтымен, Алматыдағы Қазақстан-Герман университетімен серіктестік байланысын сақтайды;
- Қазақстанның барлық өңірлерінен мектеп оқушылары қатысатын Қазақстандағы Гёте Институты "Неміс тілі сахнада" атты фестивалінің ұйымдастырушысы болып табылады (биыл 7-ші фестиваль өтті);
- "Возрождение" немістердің мәдени-этникалық қоғамы мен "Vorwärts" алматылық неміс клубымен бірігіп қызмет істеп келеді;
- неміс мәдениетінің фестивальдарының ұйымдастырылуы мен өткізуіне қатысады;
- 2015 жылы Наташа Дубстың жетегімен Неміс театрының актерлері Герольд Бельгер туралы кинофильмнің түсіруіліне қатысты;
- театр көптеген жылдар бойы Алматылық ашық әдеби мектеппен (ОЛША) бірге дәстүрлі түрде қазақстандық жас драмтаургтардың театралдық пьесаларының оқылымын өткізеді;
- балалар үйлеріне, даму ерекшеліктері бар адамдар интернаттарына, көпбалалы аналар қорларына қайырымдылық көмек көрсетеді;
Театрдың еуропалық режиссерлермен, хореографтармен және суретшілермен атқарған жұмыс тәжірибесі зор. Немецкидің негізгі мақсаттарының бірі – шығармашылық аясын кеңейту.Әлемді өзінің шығармашылығымен таныстыруға ұмтылыста, Неміс театры Германияда, Голландияда, Бельгияда, Австрияда, Чехияда, Ресейде, Кореяда, Грузияда, Өзбекстанда тағы басқа елдерде өткен гастрольдар мен ірі халықаралық фестивальдарда көрмерменді қазақстандық театр өнерімен бірнеше мәрте сәтті таныстырған.
Бүгінгі Неміс театры – бұл жаңартпаларға деген қызығушылығы зор белсенді де шығармашыл плафторма. Театр серіктестікке, ынтымақтастық пен достыққа ашық.