2002 жылы 2 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
12 жасында театралдық студияға келді. 16 жасында Аннаның талантын Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының бас режиссері байқап, Шекспир пьесасы бойынша қойылған «Ромео мен Джульетта» спектаклінде Джульетта рөлін сомдауға шақырды. Театрда жұмыс істеген алғашқы жылы оған «Дядюшкин сон» спектаклінде тағы бір басты рөл – Зиночканы берді.
Анна үшін бұл сәтті мезгіл «Жыл актрисасы» атағын алумен аяқталды.
2020 жылы Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-сының неміс тобына, Наташа Дубстың шеберлік курсына түсті.
Суретке түсіру өнеріне әуес, лаулаған таяқшаларды (пои) айналдыруды, кітап оқуды жақсы көреді.
Тілдер: орыс, қазақ (оқу), неміс (негіздері).
2020 жылдан Республикалық академиялық неміс драма театрының актері.
Рөлдері:
Құс – "Құс логикасы" Аттардың «Құстардың әңгімесі» сопылық астарлы әңгімесі негізінде
Ревизор, Н.В. Гоголь
Күлбикеш, Шарль Перро