Назар аударыңыз! Сайт тест режимінде жұмыс істейді.
Біздің веб-сайт аналитика, дербестендіру және жарнама үшін cookie файлдарын пайдаланады. Оны қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдаланатынымызға келісесіз.
Жақсы

Фаусттан көріністер

Пьеса авторлары: И.В. Гете
Қоюшы: Наташа Дубс
Қоюшы-сүретші: Наташа Дубс
Шықан жылы: 2013 ж
Жас шектеуі: 16+

Қойылым неміс тілінде өтеді, орыс тілінде ілеспе аударма

Ізгілік пен зұлымдықтың мәңгілік күресі, өзіңді және қоршаған табиғатты махаббат пен ажалды, адалдық пен аярлықты, танып білуге деген шексіз ұмтылыс. Ал ең бастысы – бұрқанған өмір теңізіндегі өз орныңды және оның мән-мағынасын тануға деген жанкешті құштарлық. Міне осы сан ғасырларға жалғасып келе жатқан доктор Фауст туралы аңыз жас мөлшері әр қилы, дүниетанымдары әрқилы адамдардың көңілін өзіне аударып келеді. Шын мәнінде осы аңызда адамзат табиғатындағы қарама қайшылықтар айнаға түскендей көрінеді.
«Фаусттан көріністер» - бұл Гетенің мәңгілік мұрасы болып қалған «Фаусттың» жаңаша жаңғыруы. Қойылым И. Стравинский жазған жарқын да, мистикалық құдіретті музыкамен көмкерілген замануи хареографияның сәнді пластикасы және философиялық тереңдігі мен түпнұсқаның ауқымынан алшақтамаған драмматтургиялық үйлесімідегі жаныңды жаулап аларлық, естен кетпейтін көріністерден тұрады.
Hello world!

актерлер

актерлер