Назар аударыңыз! Сайт тест режимінде жұмыс істейді.
Біздің веб-сайт аналитика, дербестендіру және жарнама үшін cookie файлдарын пайдаланады. Оны қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдаланатынымызға келісесіз.
Жақсы
Авторы: Бото Штраус (Германия)
Қоюшы: Наташа Дубс
Хормейстер: Галымжан Берекешев
Суретші: Антон Болкунов
Шыққан жылы: 2017
Спектакльде Иоганнес Брамстың әндері орындалады

Қойылым неміс тілінде, орыс тілінде ілеспе аударма

Идеологиялардың реинкарнациялануы: Ұрпақтар арқылы қайшылықтарды тапсыру,
бойсұну мен тойтарыс арасындағы кейіпкерлер.
Елдер, идеялар, замандар шегіндегі транзиттік процесс...
Қисыны бар: жайлы болғанын күтсең – жайғас,
басқасын қаласаң – шекараны өт,
жаңаны іздесең – бейтарап жолақтан көз алма.

Пьесаға 1989 жылғы Берлин қабырғасының құлау тарихы өзек болған. Алайда, бұл 80-ші жылдар соңындағы Германиядан репортаж емес, ақиқаты – өзектілігі мәңгілік, жаһанға ортақ адамзат табиғатының тылсым философиясын тамтыған этикалық шығарма.
Спектакль – бұл адамдардан, тағдырлардан, хикаялардан тұратын зәулім күрделі пазл. Көрермен алдында міне-міне құлағалы тұрған Берлин қабырғасының маңайындағы шағын кафеде отырған адамдардың драмалары бір-бірін қақпақылдап барып ашылады. Әлемді тарихи оқиғалар дүр сілкіндіріп, жер бетінде жаңа айналым басталғандай кезде, Жаратушы Ие де жазмышын қайта қарастырып жатыр. Ал пьеса кейіпкірлері міне, дәл осы сәттерде: тіске басарлардың өрескел қымбаттылығын тілге тие кетіп танысуда, сүйіркелесіп барып ажырасуда, шиеленістен ара қатынастарын реттеп, сүйініштері мен күйініштерін жетегінде арпалысып, көңіл түйіткілдерімен әлек.

АҚЫРҒЫ ХОР