Назар аударыңыз! Сайт тест режимінде жұмыс істейді.
Біздің веб-сайт аналитика, дербестендіру және жарнама үшін cookie файлдарын пайдаланады. Оны қарауды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын пайдаланатынымызға келісесіз.
Жақсы
Балаларға арналған музыкалық ертегі

Автор: Ганс Христиан Андерсен
Қоюшы: Наташа Дубс
Суретші: Слугин Александр, Елена и Виктор Воробьевы
Композитор: Халилов Далер
Шыққан жылы: 2018
Жас шектеуі: 3+

Қойылым орыс тілінде

Біз сіздерге Қар ханшайымының жекпе-жекке шығып, Кай есімді ағасының жүрегіндегі мұзды ерітіп құтқарып қалған, ержүрек және батыл қыз Герданың таңғажайып шытырман оқиғаларын баяндаймыз.
Бойындағы махаббаты, достығы, өзіне деген сенімі Кайды құтқару үшін шексіз ұзақ жолды еңсеруге көмектесті. Оның алдында зор, жиі қауіпті әлем ашылды, бірақ онда көптеген қызық кейіпкерлер бар екен: сөйлейтін құстар, айлакер гүл сиқыршысы, орман қарақшылары – олардың барлығы шытырман оқиғаларының бір бөлігі болды.
Біз бұл ертегінің соңын өзгертуді жөн көрдік. Зұлым және әдемі Қар ханшайымынан кішкентай қызды көруге тырыстық. Қызықты интерактивті ойынымызда бәріміз қосылып, оның жүрегін жылытсақ, оның көктемді көріп, құстардың әнін естіп, гүлдердің иісін сезеді деп сенеміз.

ҚАР ХАНШАЙЫМЫ